ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ТИІСТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНДЫ

165

Сауран ауданы әкімдігінде аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы болып өтті. Сессияны Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Мейрамбек Күнпейісов ашып, жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Атап айтсақ, 1) Сауран ауданы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру, 2) Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қазандағы №147 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, 3) Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қазандағы №148 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, 4) Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 қазандағы №149 «Сауран ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, 5) Сауран аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөнінде округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау, 6) Сауран аудандық мәслихатының регламентін бекіту, 7) Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі №3 «Сауран аудандық мәслихатының хатшысын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, 8) Сауран аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі №15 «Сауран аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.