МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

177

Департаменттің ұйымдастыруымен Түркістан облысы әкімі аппаратында облыс әкімдігі басқармаларының, қала, аудан әкімдерінің және мәслихат аппараттарының басшылары, сондай-ақ аумақтық органдардың бірінші басшылардың орынбасарлары және кадр саласына жауапты персоналды басқару қызметінің басшылары, сонымен қатар облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің қатысуымен мәжіліс өтті.

Мәжілісте мемлекеттік қызметті жетілдіру бағытында мемлекеттік қызмет заңнамаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыттары бойынша Департаменттің 2022 жылғы жұмыс қорытындысы айтылды.

Соның ішінде, мемлекеттік қызмет заңнамасына енгізілген өзгерістердегі жаңашылдықтар бойынша Департамент басшысы Өркен Балажанов:

— мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз қабылдана алатынын;

— орталық мемлекеттік органдардың дербес қүрылымдық бөлімшесінің басшысы, облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органның, яғни облыстағы басқарма басшысы және «Б» корпусының басқа да лауазымдарына уәкілетті органның келісімімен тікелей тағайындалатынын;

— ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген түлектері (уәкілетті орган белгілеген мәннен төмен емес оқу нәтижесімен оқу бітіргендер)

бір жыл ішінде белгілі бір санаттағы басшы лауазымдарға бара алатынын;

— мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың нәтижесімен лауазымнан төмендетілетіні, төмен лауазым болмаған жағдайда атқаратын лауазымынан шығарылатыны жайында түсіндірмелер берді.

Бұдан басқа, іс-шара барысында Ө.Балажанов 1 наурыздан бастап Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі, Сауда жəне интеграция министрлігі, Ақмола облысы және Шымкент қаласы әкімдіктерінде пилоттық жоба ретінде енгізіліп отырған «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінде мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға қанатқақты іріктеу жүргізу тәртібін түсіндірді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті.