«САУАП ІС ЖАСАУДАН ЖАРЫСАЙЫҚ»

316

Бүгін Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы, Түркістан филиалының бастамасымен ұйымдасуымен сүйікті пайғамбарымыздың туған айы Мәуліт орайында керемет «ШАПАҒАТШЫМ БІР ӨЗІҢСІҢ, МҰХАММЕД (С.А.С.)» атты шараның куәсі болдық баршамыз. Түркістан қаласының барлық имамдары қатысып, Мәуліт оқылып, Р. Сейтметов атындағы сазды драма театрының ұйымдастырылуымен және Айдар Тұрғанбекұлы, Бақытжан Мұстапаев тың қатысуымен концерт болып және қойылымдар көрсетіліп, нағыз иісі мұсылмандардың мерекесі өтті. Концерттік бағдарламалар мен қоса қайырымдылық та ұйымдастырылып, мұқтаж болған 5 жанұяға жаңадан үй табысталды. Қуаныштарында шек жоқ болған көп балалы жалғыз басты аналардың қуаныш көз жасына куә болды отырған жұртшылық. Түркістан қаласының бас имамы Мұхаммеджан Ергешбайұлының бастамасымен, ұйымдастыруымен осындай игі іс жүзеге асырылды. Жыл басынан 4 пәтер, бүгінгі шарада тағы 6 үй табысталса, депутаттар атынан қомақты сыйлықтар таратылды. Көп балалы жалғыз басты анаға пәтер сертификатын табыстау маған да бұйырды. Ерекше сезімде болып, толқыдым. Осыншалық Аллаға жағымды істер жасауды үлгі етіп көрсеткен Мұхаммеджан Ергешбайұлы жастарға өнеге етіп сауапты іс жасап жарысуға үндеу жасаған болатын. Ұйымдастырушылардың ішінде Мақсат Асылбекұлы бастаған бір топ депутаттар, басқа да жанашырлар да жеткілікті болды. Алдағы уақытта мұндай іс шаралар жалғасын табатынына және одан да мықты, жоғары деңгейде өтетініне уәде еткен депутаттар да болды. Әрбір сауап істеріңіз Хайырлы болсын. Өз атымнан Мұхаммеджан Ергешбайұлына осынша мұқтаж жандарға қол ұшын созып көмектескені үшін ана ретінде шексіз алғысымды білдіргім келеді. Алланың нұры жауып, берекесі мен жақсылығын нәсіп етсін!