ҰЛТ БІРЛІГІ — ҰЛЫ БАЙЛЫҚ!

875

«Қазақстан — біздің қасиетті мекеніміз. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударып, осынау қасиетті мекенде өмір сүріп, өркен жайды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз.

Қазақ жерінде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстар үшін бірліктің маңызы зор. Ұлт пен ұлыстың татулығы мен бірлігі арқасында, мемлекетіміз өркендеп, әлемге танылды. «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп Тұңғыш Президентіміз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі. Бұл күн бірлік, татулық күні, әрқайсысымыз үшін ерекше қымбат мейрам.

1 мамыр – біздің миллиондаған отандастарымыздың жүрегінен айрықша орын тапқан, рухани дәстүрге айналған айтулы күн. Елдігіміз бен егемендігіміздің діңгегі, татулығымыз бен достығымыздың ұйытқысы, Бірлік пен ынтымақтың алмайтын қамалы, шықпайтын шыңы, аспайтын асуы жоқ. Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте. Отаны бірдің – тілегі бір, жүрегі бір. Көпұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.

Ассамблея – еліміздегі бірлік пен ке­лісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұ­рақтылықтың құтты шаңырағы. Біздің басты байлығымыз – ха­лық­тар мен діндер арасындағы татулық пен келісім. Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Біз тыныштық арқылы – тұ­рақ­тылыққа, татулық арқылы – тұ­та­с­тыққа қол жеткіздік. Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Осының бәрі Мемлекет басшысының қоғам­дағы азаматтық ынтымақтастық пен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау стратегиясын дұрыс таңдап, ұлтаралық қатынастарды реттеудің тиімді тетіктерін жасай білуінің арқасында мүмкін болуда. Қазақстан халқы ассамблеясы татулыққа ұйытқы бола білді.

Иә, шынында да, бүгінгі таңда Қазақстан халықтарының Ассамблеясы – ұйымдық құрылым ғана емес, ол біздің өміріміздің ажырамас бөлігі, біздің тыныштығымыз бен бірлігіміздің белгісі болып отыр.

Қорыта келгенде, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Тәуелсіздік тұғырын әрқашан биік ұстайық! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, бірлігіміз одан әрі жарассын!

Жадыра РАХЫМБАЕВА,

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми

кітапханасы Абонемент бөлімінің кітапханашысы.