АҚПАРАТТЫҚ ШОЛУ

144

Аудан көлемінде коммуналдық саладағы қордаланған мәселелерге тоқталатын болсақ, ағымдағы жылы коммуналдық сала бойынша 73 жоба әзірленуде. Оның ішінде 37 жобаға сараптаманың оң қорытындысы алынды.

Ауданды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 88,9% құрайды. 36 елді мекеннің 32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етіліп, 1 елді мекенге кешенді блок модуль орнату 2024 жылға жоспарланды.

Биылғы жылы республикалық бюджет есебінен Жаңа Иқан ауылдық округі, Ойық елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы жүргізілде. Нысанды пайдалануға беру 2023 жылдың 15 желтоқсанға жоспарланған.

Сонымен қатар, облыстық басқармамен, ауданның 8 елді мекенінде су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде.

Ескі Иқан елді мекеніне 2 жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, республикалық бюджетке өтінім жолданды, жоба құны – 4,5 млрд. теңге. Шорнақ, Қосмезгіл, Еңбекші Дихан, С.Қожанов елді мекендері бойынша ЖСҚ әзірленіп, сараптамаға жолданды. 29 ауыз су тарату орталықтарындағы тозығы жеткен су сорғыларын жаңарту және уақытпен берілетін елді мекендердің мәселесін шешу мақсатында, жергілікті бюджет есебінен 68 дана су сорғылары алынды.