“ЖАЛҒЫЗ ЖҮРІП ЖОЛ ТАПҚАНША, КӨППЕН БІРГЕ АДАС…”

1243

Айтпаса да түсінікті қазір барлық ірілі- ұсақты жиындар онлайн түрінде өтуде. Енді мұны ,,заманына қарай амалы,, дейміз.
Күні кеше ҚР Премьер- Министрінің төрағалығымен онлайн түрінде өткен Үкімет отырысында қала әкімі Мұрат Әйтенов өңіріміздегі санитарлық- эпидемиологиялық ахуалымыз бойынша кеңінен айтып берді.Атап айтар болсақ Мұрат Дүйсенбек ұлы қаланың А сценариімен жұмыс жасап жатқанына мұнан бөлек В және С сценарийлерін толық дайындығына тоқталды.Яғни, А дәрежесі бойынша 290 төсек- орын дайындалған. В санаты бойынша егерде маусымдық эпидемиологиялық ахуал нашарласа төсек- орын саны 4016-ға дейін артпақ.Беті аулақ С санаты бойынша эпидемиологиялық дағдарыс орын алса 5416 төсек- орын қосылады екен.Қазіргі күні қала тұрғындарына 11 зертхана қызмет көрсетуде.Олар бір күнде 6200 тест жасауға қаухарлы. Бүгінге дейін жалпы саны 349518 тест өткізілген.19 сәуірдің өзінде яғни бір күнде 1312 азамат тесттен өткен.Қала тұрғындарын вакцинациялау үшін 38 бекет ұйымдастырылып бүгінде ұзын саны 6918 азаматқа вакцина салынды.
Мұндай,. мемлекеттік маңызы бар үлкен іске 753 медицина мамандары арнайы оқытылып жұмылдырылды,- деп атап көрсетті қала әкімі.
Мұнан бөлек…
Өкінішке қарай шырайлы Шымкентімізде ,,қызыл аймаққа,, еніп отыр.Осыған орай қаламыздың бас санитарының Денсаулық сақтау министірлігінің пәрменімен бекітіліп, алгоритмге сәйкестендірілген шектеу шаралары туралы арнайы қаулысы шықты.Ол бойынша екі апта шектеу шараларының тиімділігі бақылауға алынып егерде эпидемиологиялық жағдай нашарласа аса қатаң шектеу шаралары енгізіледі екен.
“Жалғыз жүріп жол тапқанша , көппен бірге адас”,- дейді дана халқымыз.Олай болса бәріміз жұмыла, ауызбірлікте болып күрессек бұл індеттен де құлан таза арылатынымызға күмән болмаса керек.
Әбдімәлік Белгібай
,,АRA24.kz,, ақпарат агенттігінің шеф- редактор