ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫНАН КЕТКЕН АХАУЛАР ҚАЙТА ЖӨНДЕУДЕН ӨТКІЗІЛІП ЖАТЫР

139

Аудан әкімі Жаңа Иқан ауылдық округіндегі газ реттегіш пунктерді аралап көрді. Ауыл әкімі мен тиісті мамандарға тұрғындарға қауіпсіздік шараларын ескерту керектігін айтып өтті.

Ибата және Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мердігер мекеме тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалынуда. Бүгінгі таңға, нысанның жеткізуші магистральды газ құбырының ақаулары қалпына келтіріліп, ауамен сығымдау (опрессовка) жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 8 көшеге газ беру мақсатында орын алған ақауларын қалпына келтіруде.

Ибата және Ойық елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша 2020-2021 жылдары МӘЖ (ГЧП) арқылы құрылыс- монтаждау жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген. Мердігер мекеме “Kumbez Construction” ЖШС-гі. Жоба бойынша 1885 абонентке (44 көше) газ құбыры жеткізілген. Елді мекен бойынша 1850 үй газға қосылған. Газ құбырының жалпы ұзындығы 99,279 шақырымды құрайды. Жобаға енбей қалған абоненттерге меморандум арқылы ЖСҚ-ы әзірленеді. Алдағы уақытта сала мамандары газ құбырларын тексеріп, халыққа сапалы және қауіпсіз газды жеткізуді ұйымдастырады.