ШЫРАЙЛАНҒАН ШОРНАҚ

137

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров аудан орталығы Шорнақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуде елдің әлеуметтік мәселелерін көтеру жайына тоқталды. Аудан орталығының тұрғындары алдымен сапалы сумен қамту мәселесін көтеруде. Қазіргі таңда Қозмезгіл елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің 2-кезеңі бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамаға жолданған. Мердігер мекеме — «ДИАС-проект» ЖШС. Келісім-шарт құны – 16,4 млн теңге тұрады. Шорнақ елді мекенін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің 2-кезеңі бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптамаға жолданған. Мердігер мекеме — «ДИАС-проект» ЖШС. Келісім-шарт құны – 10 млн теңге тұрады.

Бұдан кейін тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету, ескі бағаналарды ауыстыру жайы толғандырады. Осыған орай, Қосмезгіл және Шорнақ елді мекендеріндегі ескі электр бағаналары мен электр желілерін ауыстыруға жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жоба құны – 608,291 млн теңге тұрады. Құрылыс жұмыстарына қажетті қаражатты бөлуге республикалық бюджетке ұсынылған. Қазіргі таңда Шорнақ елді мекенінің ішкі көшелеріне 9-дана трансформатор орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Тан Срой Сервис» ЖШС. Келісім-шарт құны – 22,4 млн теңге тұрады.

Сауран ауданы орталығы мәртебесін алғалы бері қыруар жұмыстары атқарылғанымен әлі де орындалар жұмыстары көп. Мәселен, Сауран ауданынан өтетін «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» халықаралық магистралдық бойын абаттандыру жұмыстары төрт кезең бойынша жүргізілуде. Мердігер мекеме – «SIS Строй» мен «Ерасыл Құрылыс 2013» ЖШС-рі. Келісім-шарт құны – 133,2 млн теңге тұрады. Шорнақ елді мекеніне 50 дана қоқыс жәшігі мен орындықтар орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Шымкент Гранд Строй» ЖШС. Келісім-шарт құны – 10,5 млн теңге тұрады.

Шорнақ елді мекені әкімшілік іскерлік орталығы аумағына саябақ құрылыс жұмыстарын жасау 2024 жылға жоспарланған. Мердігер мекеме «Saryuisin Holding» ЖШС мен «Prof Facade» ЖШС-гі. Жоба құны — 224 млн теңге тұрады. Қосмезгіл елді мекеніндегі Кеңтоғай, Шоқан Уәлиханов көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме – «Astana Smart Plus» ЖШС. Келісім-шарт құны — 32 млн теңге тұрады. Аша елді мекенінде жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына «SK Best Spec Stroy KZ» ЖШС-гі жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, келісім-шарт құны – 10,9 млн теңге тұрады.

Шорнақ ауылдық округі бойынша тоғыз көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме — «Шалхар Бастау» ЖШС. Келісім-шарт құны – 43,6 млн теңге тұрады. Шорнақ ауылдық округінде 4-дана жасанды жол кедергісімен 20-дана жол белгілері орнатылды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек.

Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал», — деген болатын.

Осыған орай, ауданнан облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес экономикалық аймақ құрылды. Қазіргі таңда инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақта Украиндық инвесторлардың бастамасымен тоңазытқыш құрастыратын кәсіпорын ашылады. Ауыл тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады. Мұнан өзге елді мекендерді дамыту бойынша жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылады. Жиын соңында аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын қадағалауды тапсырды.

-Қадірлі көпшілік. Аудандағы өзекті мәселелерді ең алдымен жергілікті халық жақсы біледі. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Басты міндетіміз аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болады.

Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларының әрі қарай тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, жаңа кәсіпорындар ашу міндетіміз. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту есебінен аудан экономикасын көтеру, жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстар атқарамыз. Сондықтан, күрделі мәселелерді шешуге және ауданның дамуына сіздермен бірге жүйелі шаралар қабылдайтын боламыз. Сіздермен еркін пікір алмасып, сұрақтарыңызды тыңдауға қашанда дайынмын,-деп Сауран ауданының әкімі Мақсат Асылбекұлы он үш ауылдық округ тұрғындарымен кезекті есепті кездесуін аяқтады.

PS: Қазақта «Құдайдың екінші аты –халық» деп айтылады. Қазіргі таңда сауатты халқымыз әрбір мемлекеттік қызметшінің қағыс қадамын бақылап, қадағалап, атқарылмаған жұмыстар мен орындалмаған уәделерді дер кезінде ұялы телефондар мен әлеуметтік желілерде жариялауға әбден машықтанып алған. Сауран ауданының тұрғындары да бұдан құралақан емес. Ендеше, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жоспарланған жұмыстардың сапалы орындалуы билік пен халықтың ынтымағы һәм бірлігінің арқасында кестеге сай жүзеге асырылатындығы даусыз. Сондықтан, үш жылда үшінші әкімді ауыстырып отырған Сауран ауданының жұртшылығы мен билігінің бірлесе атқарған жұмыстарына құт-береке тілейік.

Ескендір ЕРТАЙ.