ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ

192

Мекеменің бекітілген штаттық құрылымы 5 бірлік. Жалпы мекеменің жыл басында бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Сауран ауданы-ның тұрғындарын мемлекеттік және ағылшын тілінде қысқартылған курстарда оқыту мақсатында, жыл соңына дейін мемлекеттік тілден 200 және ағылшын тілінен 200 адамды оқыту жоспарланған.

Жыл қорытындысы бойынша қазақ тілі «В1»орта деңгейі бойынша, 102 сағаттық және ағылшын тілінен «А1» деңгейі бойынша 92 сағаттық курстық бағдарламалар дайындалып, мемлекеттік тіл бойынша «В1» деңгейінде (алты топ) жалпы саны 220 адам, ағылшын тілі «А1» деңгейінде (алты топ) жалпы саны 230 адам, екі тілде курстық бағдарламадан Whats App желісімен өтіп сертификатталды. Олардың ішінде өзге ұлт өкілдерінен дәріс алушылар саны мемлекеттік тілде 18 адам болса, ағылшын тілі бойынша 25 адам.

2023 жылдан бастап мекеме бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес Сауран ауданының тұрғындарын қысқартылған курстарда оқыту мақсатында, жыл соңына дейін мемлекеттік тілден 42 және ағылшын тілінен 36, орыс тілінен 43 адамды оқыту жоспарланған.