КЕМЕЛ ҚАЛАМГЕР КЕЛБЕТІ

172

«Егер бір адам кітап оқымаса бұл оның жеке трагедиясы, егер мыңдаған адам кітап оқымаса бұл ұлттың трагедиясы» — деп айтылғандай ұлт болып жылда бір кітапты оқу дәстүрге айналғалы біраз уақыт болды.

Елімізде «Бір ел — бір кітап» акциясы 2007 жылы «Абайдың қара сөздерінен» бастау алды.

Он бес жылдан аса насихатталып келе жатқан акция мақсаты жалпы халықтың бір кітапты бір жыл бойы акция аясында оқып талдап кеңінен насихаттау болып табылады.

Биыл 2023 жыл «Бір ел — бір кітап» акциясына жазушы Төлен Әбдік шығармалары таңдалынды.

Танымал жазушы, белсенді қоғам қайраткері Төлен Әбдікұлы қалың оқырмандарға да, әдеби ортаға да кеңінен танымал. Оның талантының ерекше екендігіне оның тереңнен толғап, жүректен қозғап жазған шырайлы шығармалары дәлел. Жазушының алғашқы жарияланған әңгімелерінен, соңғы жазған романдарына дейін, жұртшылықтың жүрегіне жол тауып, оқырмандардың сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Бұл туындылардың бәрі де көпшілік көңілдерінен шығып, ел құрметіне бөленді.

Т.Әбдікұлы шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философиялық тұрғыдан қараумен ерекшеленеді. Тұңғыш шығармасы «Райхан» жас жазушылардың жинағы «Таңғы шықта» жарияланған. «Көкжиек», «Айтылмаған ақиқат», «Күзгі жапырақтар», «Әке», «Парасат майданы», «Ақ шоқыда қыс қатты» «Оң қол», «Өліара» сынды еңбектер бар. Орыс тілінде: «Истина», «Разума пылаюшая война». Аудармасы: грек аңызы «Эллада ерлігін» қазақшаға аударған.

«Ақиқат» — Фантастикалық повесть және тағы басқа да шығармаларын оқуға шақырамын.

«Әке» повесті:

«Әкең хал үстінде, тез жет» — деген телеграмманы ала салысымен, сол күні ұшаққа отырдым. Жол бойы көңіліме неше түрлі ойлар келді. Көбіне әкемнің мені көрмей қайтыс болып кеткен сәтін көз алдыма елестетемін. Жүрегім қобалжып, өн бойымды үрей билейді. Өз қиялымнан туған қайғылы көрініс тап бір болған оқиғадай көкірегімді күйінішке толтырып, көзіме жас әкеле-ді. Әлде қалай өзімді әкем алдында кінәлі жандай сезінемін. Енді тузетуге болмайтын, бір қателік жасаған тәріз-дімін. Енді бәрі кеш секілді. Көңілімде екі-ақ сезім – Үрей мен Өкініш. Өмірі-ңізде не ата – анаға, не дос-жаранға көңілдегі жақсылығыңды істей алмай, бүкіл уақытыңды өткізіп алу қандай өкінішті. Өмірдің мағынасын ылғи алыстан іздейміз. Дәл жанымыздағы негізгі мақсатқа уақытымыз жоқ. Оған алдағы жаз, алдағы күз бар.

Сарабдал да саз жазатын жазушы, өз замандастарының басындағы күйзелістерді зерделейтін «Парасат майданы» хикаятнамасын оқырмандарына табыстады. Бұл шығарма туралы Әбіш Кекілбаев:

«…. қайталап айтып беруге келмей-тін зұлмат хикая. Оны оқып отырып, ойың он саққа жүгіріп, ойланасың тебіренесің, ойланған сайын ойсырай құлазып, тебіренген сайын теңселе күйзелесің, нағыз өнердегі «шок тера-пия» — деп жазып, жоғары бағасын бер-ді.

«Оң қол» Төлен Әбдіктің жиырма бес жасында жазған алғашқы әңгіме-лерінің бірі. Әңгіме психиатриялық ауруханаға түскен 17 — жастағы Алма туралы. Сұлу бойжеткеннің сырқаты — жан түршігерліктей қорқынышты. Қыз қалың ұйқы құшағына кеткен шақта, оң қолы өзін қылқындырып өлтіруге әре-кет жасайды. Дәрігерлер аурудан ары-лудың сан түрлі амалын жасағанмен, Алманың оң қолына бөгет бола алмай-ды. Ақырында Алманы емдеуші дәрі-гер қолын алып тастау керек деген шешімге келеді.

«Егер адамның жүрегіне мұз қатып қалса көркем кітап соны жібітуге тиіс, егер еріте алмаса ол осал шығарма» — деп Шерхан Мұртаза ағамыздың сөзімен ойымды қорытындылаймын.

 

М.РУСТЕМОВА,

Сауран аудандық «ОКЖ» КММ-не қарасты Серт ауылдық

кітапхана меңгерушісі.