“ҚОЖАКЕЕВТЕН ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАТТЫ ҚАЙМЫҒАТЫН…”

981

Өзім оқыған қара шаңырақ Әл-Фараби атындағы Қ.Ұ. У-нің журналисьикафакультеті ұйымдастыруымен, Қожекеев оқулары аясында «Т. Қожекеев және қоғамдағы қазіргі сатиралық замансөз» атты онлайн түрінде өткен халқаралық ғылыми конференцияда «Сатираның салмағы» тақырыбында баяндама жасадым. Темірдей тәртіп орнатқан Темкең талай арқалы ақындарды адам етіп, ешкімге дес бермейтін тума таланттардың өздерін тәубәсіне түсірген еді. Қашанда қахарына мініп жүретін Қожекеевтен болашақ қазақ қаламгерлері қатты қаймығатын. Бірақ әзілдің түбін түсіретін оның жарқырап түрған жазық маңдайы, ашық қабағына қарап, құрметтейтін. Ол қанша қатал болғанымен ішкі жан дүниесі жұмсақ еді. Шығармашылық жандарға әкелік қамқор жасады. Әдебиетке адал болды. Әсіресе сатираның дамуына өлшеусіз үлес қосты. Ғылыми еңбектер, толымды зерттеулер жариялады. Оннан аса кітап шығарса, оның барлығы дерлік сын-сықаққа арналды. Сатираның салмағын көтеріп, күштілер қаруы екенін дәлелдеді. Бұл ғылыми еңбектері бүгінде студенттердің сүйікті оқу құралына айналды. Өзі өлгенімен аритында өлмес із, рухани мол мұра қалдырды.
Бақытжан Советұлы,
Сатирик
Тараз қаласы