ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 70 КӨШЕ АСФАЛЬТТАЛДЫ

216

Бүгінде аудан аумағындағы 631 шақырымды құрайтын 595 көшенің 364 шақырымы — асфальт, 233 шақырымы шағал тас болса, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды. Былтыр 50 шақырымдық 70 көшеге асфальт төсеу жұмыстары атқарылды. Ал 33 шақырым 41 көшеге шағал тас төселген.

Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады. Жыл соңына дейін жалпы 87 көшеге 48,8 шақырым асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Аудан аумағындағы көшелерді жарықтандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Былтыр 30 көше мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жарықтандырылды. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан жарықтандырылған 18 көше энерегетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының теңгеріміне өтті. Ал 2025 жылға дейін 150-ге жуық көшені жарықтандыру жоспарланып отыр.