СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕЛЕРІ
2023 жылдың жарты жылдың қорытындысы бойынша: 1ауыр атлетикадан еңбегі сіңген спорт шебері Әділет Нұрғиса, 16халықаралық дәрежедегі спорт шебері,70Қазақстан Республикасының спорт шебері, 178 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Жоғары спорттық жетістіктер бойынша 2023 жылдың қаңтар айынан бастап жеткен нәтижелер туралы айтар болсақ, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 445 алтын, 362 күміс, 415 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 1 222 медаль.
Азия чемпионаттарында қала спортшылары 61 алтын, 45 күміс және 35 қолаға қол жеткізсе (жалпы 141 медаль), осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 6 алтын және5 күміс,7қола жәнеӘлем Кубогында 22 алтын12 күміс, 9 қоламедальға ие болды.Қазақстан Республикасының 6-шы жазғы Спартакиадасы спорттың 27 түрінен өтуде, қазіргі таңда 22спорттың түрі өтті, 22 спорттың түрі бойынша Шымкент қаласы 62алтын, 55 күміс, 47 қола медальмен Алматы қаласынан кейін жалпы командалық 2-орында тұр.
2023 жылдың жарты жылдың қорытындысы бойынша: 1ауыр атлетикадан еңбегі сіңген спорт шебері Әділет Нұрғиса, 16халықаралық дәрежедегі спорт шебері,70Қазақстан Республикасының спорт шебері, 178 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапына ересектер құрамасына 427, жастар құрамасына 353, жасөспірімдер құрамасына 331 спортшымыз енген. Жалпы 1111 спортшы Ұлттық құрама сапында еліміздің намысын қорғайды.
Сонымен қатар, халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру мақсатында қала тұрғындарының қатысуымен өтетін ауқымды спорттық ісшаралар ұйымдастыру, қаламыздағы танымал спортшылармен жастардың кездесулерін өткізу, бейнероликтер дайындап БАҚ-на, әлеуметтік желілерге жариялау жұмыстары жүргізілетін болады.