ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 5 ЖЫЛДА 6 МЫҢ ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

110

Түркістан облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 459 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 723,1 шақырым болса, облыстық маңызы бар жолдар – 3 983,3 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 1 725,7 шақырым, елді-мекен көшелері – 11025,7 шақырым.

5 жылда 6 мың шақырымнан астам жол құрылыс-жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71 пайыздан 92 пайызға дейін жетті. Былтыр 1,5 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2023 жылдың 25 қарашасында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолының құрылысы басталды. Бұл теміржол желісінің құрылысы Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Оны іске асыру қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүк ағынын қайта бағдарлауға, Сарыағаш станциясы жүктемесін түсіруге және осы бағытта экспорттық жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүмкіндік береді.