Көпен Әмірбек: ҚАЛАМ МЕН ҚАРУДЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН БАУЫРЛАРЫМ
Бүгін- Отан қорғаушылар күні. Кімді құттықтасам екен?Кешегі кеңес өкіметінің кезінде екі иығына офицердің оқалы пагонын тағып, қалам мен қаруды қатар ұстаған қайран менің қаракөз бауырларым!Бəрі де КазГУ-дің түлектері. Олар шын мəнінде армияда болып, Отан қорғаған офицерлер. Кім дейсіз бе? Қазір бұл азаматтардың біразы бақилық. Марқұмдардың рухы шат болсын, көзі барлардың төбесі көкке жетсін деп аты-жөндерін айтайын:
1.Аңызға айналған абыз ағамыз Əбіш Кекілбайұлы.
2.Ғылым докторы, профессор Дандай Ысқақұлы.
3.Шоқантанушы ғалым, ұстазға айналған ұлағатты журналист Жарылқап Бейсенбай.
4.Ақын, өнертанушы Сейсен Мұхтарұлы.
5.Жазушы, сыншы Қуанышбай Құрманғалиев.
6.Журналист Ақкөл Отарбаев.
7.Аудармашы Қайсар Жорабеков.
8.Журналист, фотограф Алашыбай Есмағамбетов…
Осы ағайындардың ішіндегі ең жасы менің өзім жетпістен асып барамын. Аман болайық! Журналистің өмірі-жол үстінде өтетіні белгілі. Тау қанша биік болса да, жол таудың үстінен өтеді. Жол таусылмасын. Бəріңізді биіктен көрейік!