АУДАН ӘКІМІ ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕНІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

176

Хапиза әжеміз 101 жасқа толып, ұрпағынының қызығын көріп, жапырағы жайылған бақытты әже. Ғасыр жасаған әженің шаңырағына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов арнайы барып, туған күнімен құттықтады.

Аудан басшысы ғасыр жасаған кейуананың хал-жағдайын сұрап, иығына ақ жаулық жауып, сый-сияпат табыстады. Өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырағы болған Хапиза әжей бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді.

Ертеректе тылда тер төгіп, туған жерінде еңбек еткен аяулы ана, ардақты әже өмірге әкелген 8 перзентінен 30 немере, 48 шөбересі мен 2 шөпшек сүйіп отыр.

Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген кейуана елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.