АУДАНДАҒЫ ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУЫ КЕРЕК

130

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тау-кен өндіру саласында жер қойнауын пайдаланушы зауыттардың басшыларымен кездесті.

Жиынның күн тәртібінде экологиялық нормаларды сақтау, өндіріс орындарының салығын жергілікті бюджетке түсіру, зауыттар аумағын жасылдандыру жайы сөз болды.

Әуелі аудандық Кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Ташимова осы түйіткілді мәселер бойынша қысқаша баяндама жасады.

Бөлім басшысының айтуынша аудан аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 25 жер қойнауын пайдаланушы болса, оның 13-і келісім-шартпен, 12-нің лицензиясы бар. Сондай-ақ аудан аумағында жалпы 26 қыш зауыты бар болып, жер қойнауын өндіруге рұқсат парағы жоқ қыш зауыттарының жалпы саны 14 болған.

Былтыр Табиғат қорғау прокуратурасымен заңсыз жер қойнауын пайдалануда келтірілген залал көлемі бойынша 4 қыш зауыты иелеріне ірі көлемде айыппұл салынса, аудандық мобилді топпен жер қойнауын заңсыз пайдаланушылардың алдын алу мақсатында ауданда 28 рейдтік шара ұйымдастырылып, аудандық Полиция бөлімімен 3 техника айыптұраққа қойылған.

Алайда осыған қарамастан аудан аумағында заңсыз карьерлер жер қойнауын өз қалағанынша талқандауда.

Аудан басшысы Бадам ауылдық округінде жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесу барысында бірқатар өндіріс орындарының заңдық нормаларды өрсекел бұзып, табиғатқа залал келтіріп отырғанын, жәнеде аудан аумағында өнім өндіре отырып, аудан бюджетіне салық төлемейтіндігін, ауыл тұрғындарына тиісті деңгейде әлеуметтік қолдау көрсетпейтіндігін баса айтып, аудандық Кәсіпкерлік бөліміне, Кірістер басқармасына, аудандык Санитариялык-

эпидемиологиялык, бакылау баскармасы сынды жауапты мекеме басшыларына қатаң тексеру шараларын жүргізуді жүктеді.

Сондай-ақ, округ аумағында құрылысқа қажетті кірпіш өндірумен айналасытын зауыттардың муржаларына филтьр қоюын тікелей өз бақылауына алатындығын жеткізді.

Жиын соңында аудан әкімі аудан көлемінде тау-кен өндірісі бойынша жер қойнауын пайдаланушыларды қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігін сақтау мақсатында ауылдық округ әкімдігімен бірлескен түрде ағаш отырғызу шараларын қолға алу қажет екендігін нақтылап өтті.