“ШЫМКЕНТТІҢ ӘКІМІ ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТ БОЛУҒА ҮНДЕДІ….”

130

Қоғамның қозғаушы күші, еліміздің ертеңгі тіреніші болар патриоттық рухтағы Шымкенттің бір топ жастармен қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кездесті. Емен-жарқын әңгіме болды. Әкімге не айтты? Мегаполис жастарын не мазалайды? Жастардың сұрағына жауап берген қала әкімі жастарды патриот болуға шақырды. Ол:
– Биыл жастарды жұмыспен қамту шараларына субсидияланатын жұмыс орындары және жастар практикасына 3 554, «Алғашқы жұмыс орындарының жобасына» 1 031 және «Ұрпақтар келісім шарты» жобасына 20 орын бөлінді. Бұл дегеніміз – жұмыссыз болып тіркелген 4500-ден астам жас жұмыспен қамтылады деген сөз. Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде жастардың бизнес бастамаларын қолдау аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиемен 273 жас, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 426 жасқа шағын және орта кәсібін ашу үшін мемлекеттік грант (400 АЕК – 1 476 800 теңге) беріледі, – деді.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков биыл дарынды, волонтер жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары», «Жас волонтер» жобалары аясында 10 жобаға 1 млн теңгеден грант бөлінетінін жеткізіп, шымкенттік жастарды патриот болуға үндеді.
“ARA-ақпарат”