АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ВЕТЕРИНАРИЯ-САЛҒЫРТТЫҚТЫ КӨТЕРМЕЙТІН САЛА”

146

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралар бойынша жиын өтті. Оған аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысты. Ветеринариялық қызметке жауапты мекеменің басшысы Бақытжан Қажымұратов баяндама жасап, аудан көлемінде ауылшаруашылығы жануарларын індетті аурулардан қорғау мақсатында эпизоотияға, энзоотияға қарсы атқарылған жұмыстарға, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жою, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру шараларына кеңінен тоқталды.

Мысалы, 2023 жылы көктемде 101 843 бас ірі қараға, түйе мен жылқыға бүрку жұмыстары жүргізілген. 3 млн.шаршы метрге жуық қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар залалсыздандырылған. Сондай-ақ өткен жылы 2372 қаңғыбас ит ауланып, жойылған. 19 980 бас ірі қара, 143 137 бас уақ мал бірдейлендірілген.

Жиында ветеринария саласындағы өзекті мәселелер де айтылды. Атап айтар болсақ, биометриялық шұқырлар салу, беккери шұқырларын ауыстыру, ірі қара мен уақ малдарға пррфилактикалық диагностикалық іс-шаралар үшін расколдар салу мәселелері.

Өз кезегінде аудан әкімі аталған мәселелердің заң аясында шешілуін қарап, нақты жұмыстар атқарылуы керектігін жауапты бөлімге жүктеді. Сондай-ақ ветеринария саласының салғырттықты көтермейтінін айтып, ауылшаруашылығы жануарларына көктемгі және күзгі ем-дом жасау шараларында ұқыпты, мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар ауыл әкімдеріне тиісті мекемемен бірлесіп аудандағы мал басын түгендеуді тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі