БІЛІМДІ ҰЛТ: ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ. ОТАНШЫЛДЫҚ ҚАСИЕТ.

308

25 қазан 2022 жылы білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент және аудан бойынша басқармаларының бірлескен жоспарына сәйкес, білім басқармасына қарасты Жамбыл атындағы №26 мектеп-гимназиясы базасында «Ел қорғаған батырлар ерлігі – тұғырлы ұрпаққа мұра» тақырыбында «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша қалалық оқу – әдістемелік семинар өтті.

Мақсаты:

— Тәуелсіз Қазақстанның барлық тарихында жастарды Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттің лайықты азаматтарын әскери-патриоттық рухта тәрбиелеудің жастар бойында маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде азаматтықты, патриотизмді дамыту;

— Өскелең ұрпақ бойында кәсіби маңызды қасиеттерді, қоғам өмірінің әртүрлі салаларында, әсіресе әскери қызмет процесінде оларды белсенді таныта білуді және дайын болуды, конституциялық және әскери борышқа адал болуды, жоғары жауапкершілік пен тәртіптілікті қалыптастыру болып табылады.

Міндеттері:

— Әскери патриоттық тәрбиенің маңыздылығын арттыру;

— Педагогтермен оқушылардың белгіленген өлшем шарттар бойынша дайындығын жақсарту, ұсыныстар беру;

І. БӨЛІМ

— Әскери қызметшілермен саптық байқауы

— Ашылу салтанатына мемлекеттік ту кіргізілді әнұран орындалды.

Баяндамашылар

— Алдибеков Ельдар «ҚР ҚК Саптық жарғысы» тақырыбында С. Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебінің әскери жетекшісі.

— Орынбай Мағжан «Экстремизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке тигізетін салдары» тақырыбында №57 жалпы орта білім беретін мектебінің әскери жетекшісі.

ІІ БӨЛІМ

Ашық сабақтар

— Жол көлік оқиғасы кезінде зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек

— ҚР ҚК басқада әскерлерімен әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары

— «ХХІ ғасыр көшбасшы» интелектуалды сайысы

— Психологиялық тренинг

— Қысқа мерзімді жоспардың құрылымы

— ДЕБАТ пікірсайысы

— «Оқуға құштар мектеп» жобасы

тақырыптарында ашық сабақтар өткізілді.

Мақсатты топ: мектеп әкімшілері,мұғалімдері. Әдістемелік орталықтың әдіскерлері. Әскери басқару органдарының өкілдері. ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері. Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, интернационалисттер.

Мақсатты топ: мектеп әкімшілері,мұғалімдері. Әдістемелік орталықтың әдіскерлері. Әскери басқару органдарының өкілдері. ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері. Басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, интернационалисттер.