АЗАТ ОРАЛБАЕВ: “ӘР АУЫЛДЫҢ ӘКІМІ ӨЗДЕРІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДЕН ХАБАРЫ БОЛУЫ КЕРЕК”

292

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев жылдың басында өзінің төрағалығымен өткен жиында берген хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша жиын өткізді. Оған әкімнің орынбасарлары, аппарат басшысы мен аппарат қызметкерлері, бөлім басшылары қатысты.

Тапсырмалардың дені елді мекендерге газ, көшелерге ауыз су тарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигондарды ретке келтіру, көшелерді жарықтандыру, абаттандыру, жол жөндеу жұмыстары аясында болғандықтан тиісті бөлім басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, кейбір тапсырмалардың орындалмау себептерін түсіндірді.

Аудан басшысы ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне әрбір мәселенің уақтылы әрі сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Ал, тапсырмаға салғырт қараған мамандарға заң аясында шара көрілетіндігін ескертті. Сондай-ақ ауыл округтердің әкімдері өз аумақтарындағы мәселелерден үнемі хабардар болып жүрулері тиіс екенін айтты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі