ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН БАЛАЛАРҒА АЛҒАШҚЫ ТӨЛЕМ ТҮСЕ БАСТАДЫ

170

1 ақпаннан бастап қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша балаға есептелетін соманы біле алады.
Азаматтар kids.enpf.kz сайтына кіріп, баланың ЖСН нөмірі арқылы түсім жайлы білуіне болады. 2006 жылы және одан кейін дүниеге келген Қазақстанның барлық баласына жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысының 50%-і түсіп тұрады. Табыс есепті жылдың алдындағы 18 жыл ішіндегі орташа сомамен есептеледі. Барлық бала бірдей сома алады. Төлем жүйесі қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр және әрқайсысына шамамен 100 доллар, яғни шамамен 45 мың теңге есептелгенін көрсетті.