Ғалымжан Сәрсеков: ЖАЛҒЫЗБАСТЫ АНАНЫ ЖАРЫЛҚАДЫ

644

Рамазан — игі істерді мейлінше көптеп жасайтын қасиетті ай. Себебі, бұл айда жасалған әрбір игі іс үшін берілер сауап та көл-көсір. Жақында ғана Ш.Қалдаяқов ауылының тұрғындары қайырымы мол сауапқа кенелген жанашыр жандардың игі істеріне куә болды. Ауыл тұрғыны, көп балалы, жалғызбасты ана Қызбала Омарованың көптен бері көктен тілегені орындалып, бес бөлмелі баспанаға қол жеткізді.
Өздерінің атын атауды жөн санамаған қайырымды жандар 5 баланың анасына тұрмысқа қажетті техникалар мен жиһаздарын, сауын сиыры мен 15 тауығын да алып беріп, қаржылай да көмектер көрсетті.
Тұрғын үйдің кілтін табыстау сәтінде аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш қуанышқа кенелген отбасыны қоныс тойымен құттықтап, қайырымдылық шарасына атсалысып, демеушілік жасаған азаматтарға шынайы алғысын жеткізді. Сондай-ақ облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Құралқызы Темірбаева мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдира Кизбай игілікті істердің қолдаушысы болып жүрген ел азаматтарының жұмыстарына сәттілік тіледі