Қажымұқанның соңғы хаты

423

ажымұқан – өткен ғасырдағы қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғалардың бірі болатын. Бірақ ол кісі өмірінің соңында қандай ауыр жағдайға тап болғанын көбі білмейді. Білетініміз – оның күш атасы атанып, майданға ұшақ сыйлағаны ғана. Ол ұшақтың өзін балуан атамыз қалтасынан алып бере салмай, ақшасын екі жыл бойы өнер көрсетіп жүріп жинапты. Кейін сосын ол ұшаққа Амангелді Имановтың атын жазып, майданға аттандырады.

Қызыл империя осы ерлігін жыр қылып айтқанымен, аты аңызға айналған адамды артынша ұмытып кетті. Атамыз өмірінің соңғы жылдарын аядай үйде, ашқұрсақ жүріп өткізіпті. Бір отырғанда бір қойдың етін жеп қоятын балуанға кейін жәй адамның жейтін тамағына үйренісу өте қиынға соғып, мұндай «диета» ақыры оның денсаулығын құртып тынған секілді. Қажымұқанның мына бір хатын сіздер оқысын деп бердім. Өзі де содан кейін бір жылдан соң қайтыс болады…..

«Менің қазіргі жағдайым болса нашар. Түзу көздеріңібен маған қарамадыңыздар. Ішерге тамағым, не киерге киімім жоқ. Жасым жетпістің алтауынан жетеуіне шыққан уақытымда осындай жағдайға кездестім. Қызметке жарайтын адамым жоқ. 2-3 жас балаларым бар. Арыс ауданындағы Темірлан селсоветіне, «Ленин туы» колхозына 1946 жылдың 1 июнь күні көшіп келіп едім. Арыс ауданының көрсетіп отырған жәрдемі жоқ. Басымда үйім жоқ. Үй алып береміз дегендей еді, салып берген үйі жоқ. Бір малханада отырмын. Сізден әлгі жоғарыда айтылғандармен қоса көбінесе сұрайтыным, бір Қажымұқан жайы деген жай салдырып беруіңізді сұранамын. Және 75 жасқа толған мерекемді көрсетіңіз (өткізіңіз). Сауымға, сүтін ішуге 1-2 бұзаулы сиыр, бір құлынды бие болса. Басқа айтар сөзім жоқ. Әрі менен сәлем. Айтқан 500 сом айлығыңызды бермей қой…ыз. Хабарыңызды күтемін. Қайыр қош деп арыз етуші Қажымұқан.

Жолымбет Мәкіштің Facebook-тегі парақшасынан.

Abai.kz