ҚОЛ ДИІРМЕН

1571

Күні кеше ғана трактормен айдалған жерден қол диірменнің сынығын тауып алып шешем жарықтық есіме түсіп кеткені.Күздің сүйектен өтетін қарасуығында жылы пештің жанына жайғасып алып шешеме диірмен тартысатынмын.Бір қалыпты ,,гірп- гірп-» айналған тас диірменнің шұңғыл ойығына бидайды уыстап салып отырамын.Қара қазанда бұрқ- сарқ ет қайнап жатады аромат иісі жан- жүйеңді тәттілігімен балқытып.Бір кезде жатқан жері жай болғыр анамыз әдемі қоңыр дауысымен баяулата ән бастайды..
Бала болсамда сезем сол үндеу өтіп бара жатқан өмірге деген қимастықпен сағыныш бар сияқты…
Әлден уақытта: ,,менің мәкентайым дәу жігіт болды енді диірменді өзі тарта береді» деген сөзін арқаланып кірісіп кетемін.Еттің қамырын жайып жатқанда мал жайғастырып ағаларымда келеді.
Ескі үйіміздің орнынан табылған, бір шаңырақтың құты болған қасиетті диірмен тасы көзіме жылы ұшырай берді…
Әбдімәлік Белгібай,

”ARA24” шеф-редакторы