БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР МЕН МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРДЫ МЕМЛЕКЕТ ӘРҚАШАН ҚОЛДАЙДЫ

14

Жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттік ұйымдардың көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін маңызды міндеттердің бірі.

Мемлекет басшысы ғалымдарды, сарапшылар мен белсенді азаматтарды, әсіресе, еріктілерді мемлекеттік қызметке тартудың мәні зор деп санайды.

Бұл ретте, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің әділетті мемлекет әрі инклюзивті қоғам құруға, гендерлік теңдікті сақтау мәселесіне баса назар аударды.

Жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттік ұйымдардың көптеген мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін маңызды міндеттердің бірі.

Осы тұста, Түркістан облысында мемлекеттік қызметте 35 жасқа дейінгі жастардың саны 2176  құрайды.

Кадрлық құрамды жасарту, мемлекеттік басқару жүйесіне соңғы тәсілдерді енгізу, кәсіби қызметке тың көзқарас, өзгерістерге жоғары
мотивация – бұл жастарды жұмысқа қабылдау арқылы ашылатын мүмкіндіктер.

Мемлекеттік қызмет дарынды жастар үшін әрдайым ашық және осы тұста мемлекеттік аппарат жұмысына білімді де білікті жас мамандарды тартуға бағытталған жаңа тәсілдер белсенді енгізілуде.

Осыған орай, мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіруде артық кедергілерді жою және мемлекеттік қызметтен шығу тәртібін жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес, өткен жылы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілген.

Мемлекеттік тапсырыспен жоғарғы оқуды үздік бітірген GPA 3,33-тен кем емес түлектер бір жыл ішінде аудан, ауылдық деңгейінде төменгі лауазымдарға конкурссыз орналаса алады.

Бұдан басқа, қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету- елдегі басты мәселенің бірі. Барлық жерде өмір, теңдік адамзатқа бірдей берілген ұғым екенін қалыптастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қашан да қолайлы орта туғызуды көздейді.

Бұл тұста, Түркістан облысында мемлекеттік қызметте мүмкіндігі шектеулі 80 азамат  жұмыс жасайды. Осындай мамандардың бірі де біргейі, өмірдің сынақтарына қарсы жүзіп жүрген мемлекеттік қызметші Бекасыл Қасымбек Рахымбердіұлы. Еңбек жолын 2021 жылы Шымкент қаласындағы Көлікті бақылау инспекциясында жастар практикасымен бастап, қазіргі таңда, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маман болып қызмет атқарады.

Сондай-ақ, 2023 жылы Ақтөбе қаласында өткен ҚР VI жазғы пара олимпиада ойындарының Алтын алқа иегері, мемлекеттік қызмет саласына қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлының алғыс хатымен марапатталып, 2024 жылы Тараз қаласында өткен пара жүзуден ҚР чемпионатының II орын иегері атанған.