9 КАНАЛҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

212

КАНАЛДАРДЫҢ СУ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН            6 МЛРД. 241 МЛН. ТЕҢГЕ ҚАРАЛЫП, 9 КАНАЛҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ (НАЙМАН, ҚАЗЫНАЛЫҚ, ҚҰРТАЙ, Р-6, Р-11-С, Р-11-К, Р-12, ЛБК, Р-1).

АТАЛҒАН НЫСАНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2025 ЖЫЛЫ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛАДЫ ДЕП ЖОСПАРЛАНУДА.

СОНДАЙ-АҚ, 6 КАНАЛҒА(Р-7, ҚҰРМАНБЕК, Р-7-3, Р-8, Р-8-А, Р-10-1) КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУГЕ ЖОБАЛЫҚ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМАЛАРЫ ӘЗІРЛЕНІП, МЕМЛЕКЕТТІК САРПАТАМАДАН ӨТКІЗІЛДІ. КАНАЛДАРДЫҢ ЖОБА ҚҰНЫ                  6,2 МЛРД ТГ.

АҒЫН СУДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ, КАНАЛДАРДЫҢ СУ ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА 2023 ЖЫЛЫ 39 КАНАЛДЫҢ 77,7 ШАҚЫРЫМЫНА МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛСЕ, АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛЫ 21 КАНАЛДЫҢ                         62,5 ШАҚЫРЫМЫНА МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ.