2023 ЖЫЛЫ 1 МЛРД 721 МЛН. ТЕҢГЕ ҚҰРАЙТЫН 261 ЖОБА ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ

101

Ауданда 2023 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасының  I және II кезеңдері қарқынды жүзеге асырылды.

Бағдарлама 6 бағытта жүзеге асырылуда.

Ауданнан бұл жобаға 4 ауылдық округ енгізілді (Бадам, Шұбар, Бөржар, Қараспан).

2023 жылы 1 млрд 825 млн теңге құрайтын 349 жобаға өтініш түсті. Оның ішінде уәкілетті органмен 1 млрд 721 млн. теңге құрайтын 261 жоба қаржыландырылды.

2024 жылға қосымша 4 ауыл округі (Қажымұхан, Шұбарсу, Төрткөл, Бөген) енгізіліп отыр. 4 ауыл округтен  ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 6 бағыт бойынша  жұмыстарды жүргізетін болады. Нәтижесінде жобаға сәйкес 450 тұрғын 2,7 млрд.тг өз кәсібін ашатын болады