БӘЙДІБЕК: КӘСІПКЕР ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРДІҢ ІСІ КӨПКЕ ҮЛГІ

198

Шымкент қаласындағы 700-ден аса қыз-келіншектерден құралған кәсіпкерлер демеушілік жасап, облыстық автомобиль жолынан «Көз әулие» кесенесіне баратын аумаққа асфальт жол төсеген. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев аталған кесенеде болып, демеушілік жасаған кәсіпкер қыз-келіншектердің бірқатар өкілдерімен кездесті.

Кездесуде — «Еліміздің түрлі аудан, қалаларында сауапты іс жасап жүрсіздер. Жалпы жол салу да сауапты істің бірі. Бұл өмірге келген әрбір азамат өзінің артынан өшпес мұра немесе өшпес із қалдырып кетсем деп алдына мақсат қойып жатады. Міне алға қойған мақсаттарыңызды іс жүзінде дәлеледеп отырсыздар», — деп алғысын білдірген Бағдатбек Жанғазиев кәсіпкерлердің қатарындағы бәйдібектің тумасы Айгүл Кеңесқызына аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлық табыс етті.

Жалпы кездесуде кесененің айналасын абаттандыру бойынша Айгүл Кеңесқызы мен кәсіпкерлердің пікірлерін тыңдап, аталған аумақты қоршау, тал егу бойынша бірқатар мәселелерді талқылап жауапты мекеме мен ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар жүктеді.