КЕЛЕСТЕ 85 ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

154


Келес ауданындағы Л.Жолдасов атындағы жалпы білім беретін мектебінде 30 жылдан аса еңбек етіп, зейнетке шыққан ұстаз Тұрсын Тұрғынбаева «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты. Ұстаз зейнетке шықса да мектептің қоғамдық істеріне белсене қатысады. Осы өнегелі ісімен ұлағатты ұстаз мектептің жас мамандарына үлгі болып жүр.
–Тазалықты жанына серік еткен ауыл тұрғындары айналамызды тазарту, көркейту және көгалдандырумен айналысып жатыр. Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысуы керек. Тазалық – адамның рухани, мәдени жетілу деңгейінің, кісілігі мен тәрбиесінің көзге көрінетін маңызды көр­сеткіші. Тазалық – адамның ден­сау­лығы деген сөз. Сондықтан жас шәкірттерді табиғатты қорғауға, аялауға үйрету керек,– дейді ұстаз.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі