Шымкентте өткен тәулікте 7806 адам вакцина алды

523

Өткен тәулікте covid-19 инфекциясын жұқтырған 382 жағдай (337 симптоммен, 45 симптомсыз) тіркелген. Оның ішінде 176 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 206 адам үй бақылауына алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 3 096 орын бар, оның ішінде1198 төсек орын бос. Ал инфекциялық стационарда 1898 науқас емделуде.

Сондай-ақ бір тәулік ішінде қалада 7806 адам вакцина алды (I компонент-1969, II компонент-5837). Егу науқаны басталғалы барлығы 356 604 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 227 122 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, бұл індеттің қаупі сейілген жоқ. Осы ретте медицина мамандары қала тұрғындарына карантиндік шараларды сақтауға, бетперде тағуға және әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адамдар көп жүретін қоғамдық жерлерге бармауға шақырады.