ЖЕТІСАЙДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІККЕ 1000 АДАМ ҚАТЫСЫП, 2 МЫҢНАН АСА КӨШЕТ ЕГІЛДІ
Жетісай ауданында Республика көлемінде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының 6-13 сәуір аралығына жоспарланған «Таза өлке» апталығының қорытынды сенбілігі болып өтті.
Олбыс көлемінде қарқынды атқарылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы санитарлық тазалыққа аудан әкімі Серік Мамытовтың өзі бастап барлық бөлімдер, жауапты мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар, шекарашылар мен ерікті жастар қатысып, аудан аумағындағы қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартты, ретсіз өскен ағаштарды бұтау жұмыстарын атқарды.
Жалпы сенбілік акциясына 1000 жуық адам атсалысып, 2 мыңға тарта ағаш көшеттері отырғызылды. 60 тонна қоқыс шығарылды.