ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ МЫҢНАН АСА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІКТЕ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

137

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясын Түркістан облысы білім басқармасы да қолдап, білім беру ұйымдары жаппай сенбілікке шықты. Басқарма басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетұлынан бастап, басшы орынбасарлары, бөлім басшылары мен мамандар аудандарға барып, тиісті тазалық жұмыстарын жүргізді.

50 мектептен кейінгі кәсіптік білім беретін колледж, 1049 жалпы орта білім беретін мектеп, 1421 мектепке дейінгі ұйым өз мекемелерін тазалап, гүл, ағаштар отырғызды. Олардың әрқайсысы қолдарына құрал-саймандарын алып, өздеріне бөлінген аумақты қыс бойы жиналған қоқыстардан арылтты.

Ұстаздар қауымы бұл игі үрдісті өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке, патриоттық тәрбиеге баулудың бір белгісі ретінде қабылдады. Таңертең басталған тазалық жұмыстары түске дейін жалғасты.