АЙТЫЛҒАН ӘРБІР СҰРАНЫС «AMANAT» БАҚЫЛАУЫНДА БОЛАДЫ

0

«AMANAT» партиясының Сарыағаш аудандық филиалында өткен қоғамдық қабылдауға партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Алмас Салимов, Уәлихан Рахиев, Жәнібек Сүлейменов, Жомарт Әбдібаев қатысты.

Партия көмегіне жүгінген тұрғындар жаңа мектеп салу, халық тұтынатын ауыз судың сапасын көтеру, балалар қажеттілігі үшін спорт алаңшасын салып беру, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылық пен қамқоршылыққа алу мәселелері көтеріліп, денсаулық жағдайы бойынша азаматтарға мүгедектік тағайындаудың тәртібі түсіндірілді.

Қабылдау барысында айтылған барлық сұраныстардың шешім табуы облыстық партия филиалы тарапынан қадағаланатын болады.