ЖҮРЕГІМІЗ БІР, ТІЛЕГІМІЗ БІР

93

Қыстай қалың қардың астында жатқан Жер-Ана жарықтық дүр сілкінді. Ол енді егіні мен төрт түлік малы бар қалың қазаққа көктем нәрін сыйлайын дегені шығар.  Ол үшін табиғатты кінәлаудың қажеті жоқ. Алайда, қаһарлы қыстың өз ауыртпалығы бар. Қыстың артында көктем бары, күн жылынып қар еритіні әлімсақтан белгілі. Оған өзіміз ерте бастан қам жасауымыз керек еді.Әсіресе бұл сол өңірдің басшылығына,әкімінен бастап жергілікті атқарушы биліктің баршасының назарында болуы тиіс міндеттердің бірі еді.Өкінішке қарай, олар өз міндеттерін тиісті деңгейде атқара алмады.

Енді болар іс болды.Қазір бұған кім кінәлі дейтін кез емес. Президентіміз айтқандай,солтүстіктегі ағайындарымыз алапат тасқынмен алысып жатқанда оларды сабырға шақырып, қолдан келген көмегімізді көрсеткеніміз абзал.

Президентіміз қалың жұртшылыққа Үндеу арнап, қиындықпен бірлесе күресуге шақырып отыр.

Ия түркістандықтар  Оралдағы,Ақтөбедегі ағайындарға бірінші боп көмек қолын созды. Басқа аймақтарға да көмек кетіп жатыр.

Біз сіздермен біргеміз, ағайын! Жүрегіміз бірге,тілегіміз бірге! Қамықпаңыздар.Барлық қиындықты бірге еңсереміз. Ең бастысы, азаматтар аман болсын.

 

Серікбай ИБАДУЛЛАЕВ,

еңбек ардагері,

«Құрмет» орденінің иегері,

Түркістан облысының құрметті азаматы.