ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ: ҚАЛАЛЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

98

Бүгін әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеевтің төрағалығымен комиссияның бүгінгі отырысы «Еңбек күні» мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылды.

Комиссия отырысына арнайы Шымкент қаласының әкімі Ғ.Сыздықбековтің тапсырмасына сәйкес қала әкімінің кеңесшісі М.Маханбетов қатысты.

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде еңбек қатынастарын, оның ішінде кәсіподақ қызметін реттеудің бірқатар маңызды мәселелерін қамтыды. Қаладағы бірнеше компания өкілдері “Қауіпсіз еңбек жылы” аясында, тұжырымдама бойынша атқарылатын жұмыс жоспарлары мен тәжірибелерімен бөлісті.

Кәсіподақ бірлестіктері мен кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бірлестігі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған өңірлік келісімді бекіту, Шымкент қаласының аумағында еңбек қатынастары саласының және қауіпсіздігінің жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудағы озық тәжірибелермен таныстыру болды. Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Б.Қалжанов қаладағы жағдайды баяндап, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасындағы еңбекті қорғаудың жаңа идеологиясы: кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жеке қорғаныс құралдарын таңдау, сақтандыру тарифтері, әлеуметтік кепілдіктер, еңбекті қорғау саласындағы кәсіптік құзыреттерді дамыту, мемлекеттік бақылау-кәсіптік тәукелдерді басқару туралы түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, қаладағы бірнеше компания өкілдері “Қауіпсіз еңбек жылы” аясында, тұжырымдама бойынша атқарылатын жұмыс жоспарлары мен тәжірибелерімен бөлісті.