«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ»: ОРДАБАСЫ ЖАСТАРЫ «АРДАГЕРЛЕР» САЯБАҒЫНДА СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

46

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығында Ордабасы ауданындағы «Ардагерлер» саябағында сенбілік өтті. Ордабасылық белсенді жастар саябақты ретке келтіру, даңқ мемориалын сүртіп-тазалау, әптеу-сырлау, абаттандыру, күл-қоқыстан тазалау сынды жұмыстарды атқарды. Осы уақытқа дейін саябаққа ағаш және гүл көшеттері отырғызылып, күтіп-баптау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылған болатын. Одан бөлек, саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштардың қураған бұталары қырқылды.

Жалпы ауданда апталық аясында қариялардың үй аулалары тазаланып, абаттандырылуда. Ондағы мақсат — үлкенге құрмет көрсету арқылы келешек ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету. Сонымен қатар, көгалдандыру және тазалық шаралары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Үш апта көлемінде түрлі ағаш көшеттері отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды.