ҚУАН ШЫМКЕНТ, ҚУАНА БЕР, ӘЙТЕНОВ…

658

Қазақылықтың қаймағы тұнған Шымкент үшін, шымкенттіктердің жетістігі үшін әр қазақ қуанса керек! Үшінші мегаполис Шымкент үшін “мақтанудың реті келіп тұр”-дейді Шыңғыс Мұқан мырза. Оның айтуынша:
“Осы аптада өңірлер дамуының соңғы төрт айдағы қорытындысы шықты. Үкіметтің бақылауындағы негізгі жеті сала бойынша өсім бар екі өңір болса, соның бірі Шымкент. Жасыл жолақтамыз. Көз қуантар ғажап сурет!
Мұның артында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің басшылығымен атқарылып жатқан қаншама шаруа бар екенін айтып жеткізу қиын-дейді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.
Қуан Шымкент, қуана бер, Әйтенов. Бұл жетістік әрине бір әкімнің емес, бүтіндей Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов командасының ортақ жеңісі деп санаймыз.
ARA-ақпарат