“ТАПСЫРМАЛАРҒА АТҮСТІ ҚАРАМАУ КЕРЕК”

113

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті.

Күн тәртібінде бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жұмысы мен өзекті мәселелері, тұрғындардың кездесудегі ұсыныс-пікірлерінің орындалуы және елді мекендердің санитарлық тазалығы туралы мәселелер қаралды.

Салалық бөлім басшыларының баяндамаларынан кейін аудан әкімі аудандық кірістер басқармасының басшысына әкімдіктің салалық бөлімімен бірлесіп кірістерді арттырудың алгоритмін жасауды, салықтық қарыздарды өндіруді міндеттеді. Сондай-ақ ауыл округтердің әкімдеріне, тиісті бөлімге жол бойындағы коммерциялық нысандардың, тұрғын үйлердің қасбеттерін ретке келтіруді, талдарды, қоршауларды, аялдамалар мен басқа да нысандардың қабырғаларын әктеп-сырлауды, санитарлық-тазалық жұмыстарын жандандыруды, жолаяқтарды сапалы етіп бояуды тапсырды. Одан бөлек, ұйымдастыру-инспекторлық бөліміне тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне, хаттамалық тапсырмаларға талдау жасауды айтып, әрбір тапсырманың маңызы зор екенін және сала мамандарының тапсырмаларға атүсті қарамауларын ескертті.