7 МАМЫР — ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ “САМҰРЫҚ” ГҮЛЗАРЫНДА САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

94

7 Мамыр — Отан қорғаушылар күніне орай “Самұрық” гүлзарында салтанатты іс-шара өтті. Аталған шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Бақдәулет Ташпулатов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен жастар қатысты.

Шарада аудан басшысы сөз алып, құттықтау сөз сөйледі.

Құрметті аудан тұрғындары!

Қымбатты жерлестер!

Сіздерді батырлық пен ерліктің, төзімділік пен шыдамдылықтың мерекесі болған-Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап еліміздің қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Бірнеше мемлекетпен шекарамыз белгіленіп, қарулы күштеріміз құрылды.

Мемлекет басшысының тікелей қолдауы мен қамқорлығының арқасында қарулы күштеріміздің айбары асып келеді. Бүгінде олар өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, еліміздің еңсесін тіктеп, еркіндігімізді кеңейтіп отыр.

Бүгінгі сайыпқыран сарбаздарымыз ата-бабамыздың ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып, әскери борыштарына, Антына адал қызмет атқаруда.

Құрметті жерлестер!

Қазақта “Ер-елінің қорғаны”, “Отан оттан да ыстық” деген қанатты сөздер бар. Яғни, біз ел намысын өз тағдырынан жоғары қойған ұлтпыз.

Үш жүздің басын қосқан киелі өңіріміз талай батырлардың Отаны болғаны баршаға аян.

Бүгінгі қуатты әрі шуақты мерекеде бар өмірін әскери қызметке арнап, өз қызметін мінсіз атқарып жүрген ержүрек азаматтарымызға алғысымды білдіргім келеді.

Халқымызға қорған болған, тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді күзеткен ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!

Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық тілеймін. Аспанымыз ашық болып, еліміздің тыныштығы бұзылмасын.