“ЖАҢАҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ”

76

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген.

Осыған сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге бойынша жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды.

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Қарақұм ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті.

Алдыңғы кездесуде қарақұмдықтар тарапынан Қарақұм ауылының К.Стаев көшесіне жол кедергісін қою, ауылдағы қаңғыбас иттерді аулап жою, Қарақұм ауылындағы А.Молдағұлова және Т.Әубакиров көшелеріне жарықшам орнату, Жаңа құрылыс аумағындағы көшелерге тас төсеу мәселесі көтерілген болатын. Алғашқы екі мәселе орындалып, қалған екеуі бойынша жұмыстар жүруде. Мәселен, жаңа құрылыс аумағындағы жолдарға тас төсеуге 2025 жылға сметалық құжаттама әзірленіп, қаржы қарастыруға сұраныс жолданған.

Аудан басшысы Қарақұм ауылдық округінде ағымдағы және алдағы жылдары қолға алынатын жұмыстарға кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ ауыл тұрғындарын ауылды таза ұстауға, сенбілік шараларына белсенділік танытып қатысуға шақырды.

Кездесуде қарақұмдықтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, оларға аудан әкімі және салалық бөлім басшылары тарапынан жауаптар алды.