АУДАН ӘКІМІ ТӨРТКҮЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

124

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу тәртібі бектілген.

Тапсырмаға сәйкес барлық деңгейдегі әкімдер кестеге сәйкес жыл ішінде тұрғындармен кездесу өткізіп, мәселелерін тыңдайды.

Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Төрткүл ауылдық округінде тұрғындармен есептік кездесу жиыны өтті.

Жиынға аудандық мәслихаттың, аудандық ардагерлер кеңесінің, аудандық қоғамдық кеңестің төрағалары, мәслихат депутаттары, аудан әкімі аппаратының басшысы мен аудан әкімінің орынбасары, салалық бөлім басшылары мен мекемелердің директорлары, қоғам белсенділері қатысты.

Аудан басшысы жиынды алдыңғы кездесуде төрткүлдіктер тарапынан көтерілген мәселелерден бастады.

2023 жылдың аяғында болған кездесуде 19 мәселе көтерілген. Оның 8-і шешімін тапса, қалғандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Мәселен, тұрғындар Төрткүл елді мекенінің ішкі көшелеріне жол қауіпсіздік белгілерін қоюды сұраған. Нәтижесінде

15 көше бойына 32 дана жол белгілері орнатылған. Сондай-ақ, Төрткүл ауылындағы Ә.Жұлдызай көшесіне тас төсеу сұралған болатын. Биыл ақпан айында 10,4 млн.теңгеге тас төселді. Одан бөлек, Төрткүл елді мекені, М.Әуезов-Әль-Фараби көшелерінің қиылысына да тас төселді.

Аудан басшысы ауылдық округ бойынша газдандыру, жол салу, абаттандыру, жарықтандыру бағыттарында 2024 жылы және алдағы жылдары нақты қандай жұмыстардың атқарылатындығы туралы толық ақпарат берді. Одан бөлек денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша да қолға алынатын тірліктерге кеңінен тоқталды.

Кездесудің екінші бөлімі сұрақ-жауап форматына ұласып, тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Әрбір сұрақ жауапсыз қалмай, оларға аудан әкімі, сала мамандары жауап берді.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы төрткүлдіктерді Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясына үлес қосуға шақырды.

Жиыннан кейін аудан басшысы бірқатар азаматтардың құс, балық және мақта шаруашылықтарымен танысты.