ДЕРБЕС АУЫЛЫНДА “АУЫЛ — ЕЛ БЕСІГІ” ЖОБАСЫМЕН ФЕЛЬДШЕРЛІК — АКУШЕРЛІК БЕКЕТ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Бүгін Бадам ауылдық округіндегі Дербес ауылында фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді.
Дербестіктердің қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, ардагерлер кеңесінің Бостандық Жәкей, аудандық аурухананың бас дәрігері Болатхан Сағымбек арнайы қатысты. Өз кезегінде аудан әкімі дербестіктерге жүрекжарды құттықтауын жеткізді.
— Құрметті ауыл тұрғындары!
Сіздерді барлық жағдайы жасалған, заманауи үлгідегі бекеттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын.
Медициналық нысан ауылдағы екі мыңнан астам тұрғынға сапалы, тиімді медициналық көмек көрсетеді деп сенемін. Денсаулығына жиі шағымданатын тұрғындар үшін бұл үлкен қуаныш. Енді тұрғындар кез келген мәселе бойынша алысқа бармай-ақ, жергілікті медпункт мамандарына жүгіне алады, — деді аудан әкімі.
Фельдшерлік-акушерлік бекетте фильтр, әйелдер бөлмесі, егу бөлмесі, емшара бөлмесі, қабылдау бөлмесі бар.
Жалпы, ауданда бас-аяғы 51 емдеу мекемесі бар болса, оның 38-і ФАП.
2023 жылы 5 ФАП пайдалануға берілсе, ағымдағы жылы 2-еуі ел игілігіне табысталмақ.