39 КӨШЕ ЖӨНДЕЛЕДІ
Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 90,5%-ы сапалы ауыз сумен қамтылған. 2026 жылы 100 % сапалы ауыз сумен қамтылу жоспарлануда. Бұл туралы Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы баспасөз брифингінде баяндады.
Аудан әкімдігінің 2024 жылы даму жоспары бойынша атқарылатын жұмыстары жайлы баяндаған Берік Айдарұлы халық қаражатының толықтай игеріліп жатқандығын айтты.
Жалпы, Тұран ауданында 220,7 мың тұрғын бар. Тұрғындардың жақсы өмір сүруі үшін аудан әкімдігі ілкімді істер атқарған. Аудан аумағындағы елді мекендер мен шағынаудандардың 85,7%-ы – табиғи газбен, 95,2%-ы электр қуатымен қамтылған. 2025 жылы – сапалы электр қуатымен, 2026 жылы табиғи газбен – 100% қамту жоспарланыпты. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1%-ды құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу жоспарға қойылған.
Тұран ауданы әкімінің айтуынша, 2024 жылы 39 көшеге 21,3 шақырым орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.
– Атап айтқанда, Жаңаталап елді мекенінде – 4, Арғымақ елді мекені – 4, Ақжар елді мекені – 4, Құрсай елді мекені – 12, Наурыз ш/а 4 көше жөнделеді. Нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 80,2%-дан 83,4%-ға көтеріледі. Ауданда 597 көше бар. Оның 254-і жарықтандырылған. Биыл 21 шағынауданда 165 шақырымды құрайтын 200 көшеге 3500 бағананы жарықтандыру жоспарлануда,– дейді Берік Айдарұлы.
Бүгінде Тұран ауданы бойынша барлығы 383 ойын, 99 спорт алаңшасы бар. Биыл аудан бойынша жалпы 40 алаңша салу жоспарланған. Оның 30-ы –ойын алаңы, 8-і – кешенді алаңша (балалар /спорт), 2-і – спорт алаңы.
Сондай-ақ, Республика даңғылы, Ю.Гагарин, А.Байтұрсынов, Орманов, Б.Момышұлы сынды бірнеше көшеге барлығы 4870 шаршы метр аулааралық жолдар салынады.
Айдана СӘРСЕН,
М.Әуезов атындағы ОҚУ-дің 2-курс студенті