МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫ 60 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ “МӘДЕНИЕТ ҮЙІНДЕ” МЕРЕКЕЛІК ШАРА БОЛЫП ӨТТІ.

104

Аталған шараға аудан әкімі

Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев, облыстық мәслихаттың депутаты Ғани Раиымбеков, “Amanat” партиясының аудандық филиалының жетекшісі Әлиасқар Бердімұратов арнайы қатысып, медицина саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Өз кезегінде аудан әкімі өмірлік кәсіптеріне адал бола білген, медицина саласын дамыту жолында ерен еңбек еткен бірқатар ақ халатты абзал жанға алғыс жариялап, ықылас гүлін табыс етті.

Шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Республиканың бас хирургы, Ордабасы ауданындағы аурухананың соғылуына зор ықпал еткен азаматтардың бірі Болатбек Баймахановтың, Медицина ғылымының докторы, профессор, Академик, Алматы көпсалалы ауруханасының бас директоры Жұмағали Исмаилов мерекелік құттықтаулары жеткізіліп, ықылас гүлдері сыйға тартылды.

Одан бөлек аудандық аурухананың тыныс-тіршілігін көпшілікке насихаттауда қалам тербеген бірқатар БАҚ өкілдері де марапатқа ие болды.

Салтанатты мерекелік шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі