ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТТЕГІ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ БОЛДЫ

132

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Олжас Құспеков Ұлттық ұланның 6506 әскери бөліміне барды. Мәжілісменнің айтуынша, оның бүгінгі жұмыс сапарының негізгі мақсаты осы әскери құрылымның тыныс-тіршілігімен таныстыру болып табылады.

Депутат әскери қызметшілер мен мерзімді қызмет сарбаздарының тұрмысымен танысты. 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Марат РАХПАНОВ кездесу барысында мәжілісменге жедел бригаданың қызметтік-жауынгерлік қызметі және орындалатын міндеттер туралы айтып, бөлімнің қазіргі жай-күйі және оның даму перспективалары туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.

Депутаттың әскерилермен кездесуі барысында армияның құқықтық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындауына елеулі ықпал ететін бірқатар мәселелер айтылды. Сондай-ақ, осы әскери құрылымның өміріне қатысты мәселелер талқыланды. Қонақты казармалық үй-жайлармен және бөлімнің барлық инфрақұрылымымен таныстырды.

«Қала тұрғындары өздерін қауіпсіз сезінуі үшін бөлімшенің жауынгерлері ауыр әскери қызмет атқарады, мен өзім бұған көз жеткізе алдым. Мен сіздің қалаңыздағы тәртіп сақшылардың күшті және сенімді қолында екенін көрдім. Әскери бөлімнің жабдықталуы мен жауынгерлік дайындығы тиісті деңгейде, дегенмен кейбір қару-жарақ түрлері кеңес заманынан бері қолданылған, олар тез ауыстыруды қажет етеді. Биыл мен бүкіл ел бойынша 15 әскери бөлімге барып үлгердім және әскерилердің жағдайын жақсы білемін. Біз, Парламент Мәжілісінің депутаттары, қазақстандық әскерилер мемлекетте басымдыққа ие болуға тиіс деп есептейміз және нық сенімдіміз. Өз тарапымнан биылғы жылы әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі барлық заңдар міндетті түрде қаралатынына сенім білдіргім келеді”, – деп атап өтті Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі Олжас Құспеков.

“Шымкент келбеті»