“АЛАҚАЙ, ШЫМКЕНТ КӨРКЕЙІП КЕЛЕДІ..”

92

Алақай! Тап осы Алақай сөзі соңғы күндері Шымкенттіктердің аузынан жиі айтыла бастады. Иә, Алақай сөзі, тек қуанған сәтте айтылатыны анық.

Шымкент-шым қала!

Шымкент-гүл қала!

Шымкенттің жетістігіне қуанып, кемістігіне мұңаятын көп қазақтың бірімін, әрі Шымшахардың бірегей патриот азаматымын. Өңірдің өсіп-өркендеуіне тілеулес боп, қолымызға қалам алып, ақпарат саласында елеулі еңбек сіңіріп жүрген журналистің бірімін.

Шымкент- үшінші мегаполис атанғалы қаламыз біршама өсті. Жер аумағы ұлғайып, халық саны да өсті. Қала іргесіндегі 42 елді мекеннің тұрғындары Шымкенттің тұрғыны айналды. Халық саны 1.2 млн адамнан асты. Зәулім ғимараттар бой көтеруде. Заманауи медициналық мекемелер мен білім ошақтары салынып, қалаға сән беруде.

“Шымкент — үшінші мегаполиске айналғалы не өзгерді?..”- деп сұрайтындар бар. Өзгерді, өзгергенлі көз көрді.  Шымкенттің әкімі Ғабит Сыздықбеков тағайындалғанына 1 жылға жуықтап келеді.  Қаланың тазалығына аса мән берді.  Бірнеше Аллея ашты. “Аэровокзал” орнындағы автотұрақ пен сауда нүктелерінің орнына “Аналар” аллеясын ашты. “Спутник” базарының оннына тағы бір тамаша “Аллея” тұрғызды. Бұл жаңа орынға “Журналистер Аллеясы” деп атау беруді құптайтынын айтты. Ел аузында “Кабиско” деп аталып, халық “ығы-жығы” жүретін ұсқынсыздау күйге түскен көше қиылысынан таңғажайып “Аллея” салды. Оны да осы әкім Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасымен бой түзегенін білеміз.  Айтпақшы ең үлкен елді қуантқан игілікті іс — “Озероның” жайнап, жайқалуы болды. Суы тартылып, құрғап кеткен “Озероның”  суға толып,  халықтың көз қуанышына айналуы үлкен іс болды.

Бәрекелді. Қала әкімінің жақсы ісі жайлы елде, елмен бірге журналистер қауымы да жылы пікірде. Журналист Базаркүл Қалбыр ол туралы бүйдейді:

 

-Бүгін Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданында, Жоғары базар аумағында,  «Озеро» деп аталатын көлдің ашылуы өтті. Бұл жер көптен бері қоқысқа айналып жатыр еді.Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков «Демалыс аймағы ашылды. Енді оны таза ұстау өздеріңізге байланысты»,- деді. Расында да кейде өз қаламызды өзімнің қалам дейтін көзқарастың болмай жататыны жасырын емес. Енді сол көзқарасқа жастар үйренуі керек.

Қала тұрғындары өз кезегінде қаланың гүлденіп келе жатқанына ризашылық білдірді.

Мемлекеттік тілге қорған болып, биік мінбелерде мәселе көтеріп жүрген Қазыбек Иса Оңтүстіктің зиялы қауымымен кездесті. “Жазушы Захардин Қыстаубаев сөз алды. Осы көкеміздің бір әкімді мақтағанын естімеген едім. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековті қатты мақтады. Руханияттың адамы деді. Оның бастамасымен жасалған сквер, аллеяларды мақтады. Халқымыздың мәдениет, салт-дәстүрі ескерілген деді. Шымкент күл-қоқыстан тазарып, әдемі қала болып қалды деді.

Көкеміздің айтып тұрғаның рас”-дейді журналист Бақтияр Тайжан да…

Тағы…

Тағы бір әріптес жуиналист Айгғл Мамыт болса, “Алақай, «Көл» ашылды!

Бүгін Шымкент қаласында тағы бір демалыс аймағы «Көл» пайдалануға берілді.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  «Сіздердің игіліктеріңіз үшін жасалған демалыс аймағын қабыл алыңыздар» деп жиналған көпшілікке аманаттады.

Өзі тұратын қаланы сүйетін демеушілердің қолдауымен ашылған демалыс аймағын расында да сақтайтын да, қадірлейтін де өздеріміз.

Кезінде қала тұрғындарының көз қуанышы болған «Көліміз» нарық заманында бизнестің көзіне айналған еді.

Енді міне түрленіп, құлпырып, жаңа субұрқақтарымен жаңаланып «Көліміз» бізді, балаларымызды қуантып, қайта оралды.

Осындай игілікті істер жалғасын таба берсін.

Қаламыз көркейе берсін!”- қаланың гүлденгеніне сүйінеді.

Гүлдене бер, Шымқала!

Шымкенттік көркейіне көппен бірге бізде, журналистер қауымы да қуану үстіндеміз.

 

Ерсұлтан Әмірбек

Журналист