Түркістандықтар қариялар мен ерекше жандарға арнайы орталық қызмет көрсетеді
Түркістан қаласындағы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға барлық жағдай жасалған. Орталық жылына 2000 зейнеткерге, 700-ден астам ерекше қажеттілігі бар азаматқа қызмет көрсетеді. Онда арнайы «Белсенді ұзақ өмір сүру», «Тең қоғам» сынды бөлімдері мен кәсіби мамандар бар. Орталықта — еңбек терапиясы, компьютерлік сауаттылықты арттыру бойынша арнайы курстар, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметтік мәселелер бойынша заңды кеңестер беріледі. Одан бөлек, тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар мен театр, концерт қойылымдарын тамашалау және мерекелік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.
Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар қашан да қолға алынып келеді. Солардың бірі – «2025 жылға арналған мүгедек жандардың өмір сүру сапасын жақсарту туралы» Ұлттық жоспар болып табылады. Осыған орай, назарларыңызға аталған құжат аясында мүгедектерге қандай жеңілдіктер мен мүмкіндіктер ұсынылатынын назарларыңызға ұсынатын боламыз. БАҚ бттеріндегі ашық мәліметтерге сәйкес, бүгінде елімізде 705 мыңнан астам мүгедек азамат бар. Олардың ішінде 430 мың адам еңбекке қабілетті жаста болса, 181 мыңы – зейнеткерлік жаста екен. Сондай-ақ оның ішінде 94 мыңы мүгедек балалар екені анықталып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялаған деректер бойынша, былтырғы жылы мүгдектігі бар азаматтардың әлеуметтік төлемдері, оларды оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерді қамтамасыз ету мақсатында ел бюджетінен 448 млрд теңге бөлінген көрінеді. Айта кетерлігі бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12%-ға артық көрсеткіш болып табылады.
Министрліктің мәлімдеуінше Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар жүзеге асырылмақ. Құжат бойынша онда 7 бағыт болмақ және ол барлығы 64 іс-шара қамтымақ. Дәлірек айтсақ, Ұлттық жоспарда мүгедектіктің алдын алу, олардың білім алуға қолжетімділігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру, жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер мен қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері сынды маңызды бағыттарға баса мән берілетін болады.