«SHYMKENT INVESTMENT — 2023»: ОҢТҮСТІК ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ КАТАЛИЗАТОРЫНА АЙНАЛМАҚ

316

Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумы өтті. Ауқымды шарада еліміздің оңтүстік өңірлерінің — Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласына инвестициялық түсімді арттыру, экономикалық тұрғыда дамыту мен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Отандық өнімдерді танытуда маңызы зор

Өңіраралық инвестициялық форум аясында 20-наурыз күні Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы тауар өндірушілерінің қатысуымен өңіраралық көрме-жәрмеңке өтті. «Көрме» орталығында өткен жәрмеңкеде химия, машина жасау, тамақ, жеңіл, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдары мен агро-өнеркәсіп кешенінің, жалпы 100-ден астам кәсіпорынның өнімдері ұсынылды.
Отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімдерін кеңінен таныстыру, жаңа серіктестер іздеу және өзара тиімді келісімдер жасау мақсатында ұйымдастырылған көрме екі күнге жалғасты. Яғни, өңіраралық іс-шара отандық өндірушілерді насихаттауға бағытталған. Сонымен қатар, кәсіпорындарды дамытып, жаңа технологияларды енгізу мен импортты алмастыратын өнімдердің түрлерін арттыруды көздейді.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Жамбыл және Қызылорда облыстарының әлеуетті кәсіпорындарының өнімдерімен танысып, көрменің жұмысына сәттілік тіледі. Шаһар басшысы отандық өнімдерді таныту, серіктестікті нығайтуда мұндай көрмелердің маңызы зор екенін атап өтті.
Өңіраралық көрмеге Шымкенттен «Рахат-Шымкент» ЖШС (кондитерлік өнімдер), «Шымкентмай» АҚ (өсімдік май, майонез, тұздық, сабын), «ВИЗиТ» алкогольсіз сусындар зауыты» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС (кілемдер және кілем бұйымдары), «Шымкент-Кашемир» ЖШС (тоқыма бұйымдары (түйе жүнінен жасалған киім және шұлық) және басқа да танымал компаниялар қатысып, өнімдерін таныстырды. Сонымен қатар, көрші Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының өнеркәсіптік кәсіпорындары да өз өнімдерін ұсынды.

Инвестициялық форум дәстүрлі өтеді

Өңіраралық инвестициялық форумды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыратын боламыз. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумында мәлімдеді.

«SHYMKENT INVESTMENT — 2023» өңіраралық инвестициялық форумының негізгі бөлігі Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінде жалғасты.
— Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Оңтүстік өңірдегі әріптестеріміздің басын қосып, ауқымды іс бастап отырмыз. Өңіраралық инвестициялық форум Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының экономикалық тұрғыда дамып, өзара ынтымақтастықта ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек. Форум аясында күні кеше өңірлердегі өндіруші кәсіпорындар арасында көрме-жәрмеңке өтті. Онда біз шекаралас өңірлердің мүмкіндіктерімен таныстық. Сонымен қатар, форумға шетелдік инвесторлар мен кәсіпкерлер де қатысып отыр. Кездесулер барысында кәсіпкерлеріміз тәжірибе алмасып, жаңа жобаларды жүзеге асырудың оңтайлы әдіс-тәсілдерін қарастырады деп сенеміз. Шымкентте бүгінде 5 индустриалды аймақ 867 гектар аумақты алып жатыр. Онда 350-ге жуық жоба жүзеге асырылып, бүгінде индустриалды аймақтардың толымдылығы 90 пайыздан асты. Сондықтан жалпы ауданы 860 гектарды құрайтын тағы 5 индустриалды аймақ салынып жатыр, — деді Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы.
Оңтүстік өңірлердің басын қосқан алқалы жиынға ҚР Сыртқы істер вице-министрі А.Айдаров, Қазақстанның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Б.Атамқұлов, Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Р.Жошыбаев және шетелдік әлеуетті инвесторлар, отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, орталық мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар, қаржы институттары қатысып отыр. Ал, форумның арнайы қонағы ретінде халықаралық «Fitch Ratings» сарапшылық компаниясының өкілі шақырылған.

14 жоба бойынша меморандумға қол қойылды

Форум қонақтары түрлі тақырыптық бағыт бойынша кездесулерге қатысты. Әуелі, форумға қатысып отырған Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары өңірлердің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Ал, ұлттық компаниялар мен қаржы институттарының өкілдері мемлекеттің бизнесті қолдаудағы негізгі бағыттарын түсіндірді. Сондай-ақ, өңірлердің табысты инвест-кейстері таныстырылып, «Shymkent city» — қаланың жаңа даму алаңы» тақырыбы аясында қаланың жаңа келбеті мен ондағы атқарылып жатқан жұмыс барысы баяндалды.
— Бұл форумның басты ерекшелігі — оңтүстік өңірдегі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының бірлесіп, алғаш рет өңіраралық инвестициялық форум ұйымдастыруында. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында осы 4 өңірдің кәсіпкерлерінің басын қосып, атқарушы орган өкілдерін шақырып, ауқымды инвестициялық жобаларды талқылап отырмыз. Яғни, Шымкент қаласының ғана емес, Оңтүстік өңірдің мүмкіндіктерін шетелдік, отандық инвесторларға кеңінен таныстыру көзделген. Мемлекет және жергілікті әкімдіктер тарапынан көрсетілетін қолдаулар да осы форум аясында айтылды. Форумға Үндістан, Қытай, Түркия, Ресей елінен инвесторлар қатысып, қызығушылығын білдіріп отыр. Форумда жалпы құны 364 миллиард теңгені құрайтын 14 жоба бойынша меморандумға қол қойылды. Оның ішіндегі ең ірі жобалар ретінде үндістандық «Medanta» компаниясының қаржыландыруымен салынатын 300 төсек орындық клиника мен «Shymkent city» аумағында бой көтеретін Hilton қонақ үйін айта аламыз. Одан өзге бірнеше өндірістік жобалар да бар, — дейді Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков.
Шымкент — тоғыз жолдың торабындағы қала. Темір жол тасымалына да, Батыс Қытай-Батыс Еуропа дәлізі арқылы тасымалға да қолайлы ортада. Б.Дүйсебековтің айтуынша, осы ерекшеліктерді ескере отырып, Шымкенттегі логистикалық аймақтың аумағын 136 гектарға кеңейтіліп жатыр.

«Шымкент келбеті»