Ынтымақтастық рухын қалай қалыптастырамыз?

84

Түркістан облысының тұрғындары назарына қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау жөнінде мәліметтерді ұсынамыз. Осы күнгі қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау маңыздылығын ескеру керек іспетті. Өйткені, азаматтық ортада басқа да құндылықтардың алға озып бара жатқанын көз көріп жүр. Ал, ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау жайы көлеңкеде қалып бара жатқандай. Аталған іс, бастама несімен маңызды? Ендеше тоқталып өтейік. Қазіргі уақытта Қазақстан ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ынтымақтастық пен құрмет рухын қалыптастырудағы кедергілерді еңсеруде. Мұны қалалардың көптеген жерлерінен, тіпті мобильді цифрландырудан да мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарастағы оң өзгерістері дәлелдей түседі.

Қазақстанда бірнеше жылдан бері инклюзивті білім туралы айтылып, жазылып, түрлі бұқаралық ақпарат құралы арқылы жарнамасы жасалып жүр. Ол ол ма, мемлекеттік деңгейде де талай талқы өтті. Бірақ, осы бір инклюзивтілік халін кім қалай түсінді? Біздіңше, қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды дәріптеу, нығайту үшін инклюзивті мәдениеттің жаңа бағдарламасын дайындап, күнделікті өмірімізге енгізу шарт.

Ең әуелі, елдегі осы бағытта жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың ортақ базасын жинақтап, шағын гранттар үлестіру маңызды. Аталған грантты қоғамда ынтымақтастық рухын қалыптастыру және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарауды насихаттайтын, оқытатын  үкіметтік емес ұйымдар ғана ала алады. Бұл арқылы біз жоғарыда мысалға келтірген инклюзивті мәдениет қалыптасады. Қайткен күннің өзінде қоғамда ынтымақтастық рухы қалыптаса бастайды, сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға құрметпен қарау артады.